Bugin

Түркия Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия арасындағы бастамаға қосылуды жоспарлауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия Қазақстан, Әзірбайжан және Грузияның даму бастамасына қосылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Қазақстан делегациясының Әзірбайжан мен Грузияға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев құжаттың негізгі мақсаттары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту және біртұтас логистикалық компания құру. Сондай-ақ Түркия Республикасы Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия арасындағы бұл бастамаға қосылуға ниетті», - делінген хабарламада.

Бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау туралы "Қазақстан Темір Жолы" АҚ ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндады. Ол бүгінде жүктердің негізгі номенклатуралары (көмір, кокс, ферроқорытпалар және т.б.) бойынша вагондар мен контейнерлер арқылы тасымалдауға арналған кешенді тариф мөлшерлемесі бекітілгенін айтты.

Сонымен қатар, Сауранбаев бұған дейін "Атамекен" ҰКП мәлімдегендей, Қытай тарапының теміржол тасымалы тарифтерін едәуір өсіргеніне қатысты ақпарат расталмағанын мәлімдеді.

- «Ақпарат үшін айта кетейік, бүгінге дейін күнделікті өткізіліп келген Жедел штаб отырыстарын енді бизнес-қауымдастық өтініші бойынша аптасына екі рет өткізуге шешім қабылданды. Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді», - делінген хабарламада.